1997 жылдың 3 қаңтарында (сол кездегі Алматы облысы) Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Алтыүй ауылында дүниеге келген. Бала кезінен әділет пен құқықтық тәртіп мәселелеріне ерекше қызығушылық танытып, бұл қызығушылық оның кәсіби жолын айқындап берді. Білімі: 2019 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «5В030100 – Құқықтану» мамандығы бойынша үздік бітірді (диплом ЖБ-Б №0125829). 2021 жылы аталған университетте «7М04217 – Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша магистратураны аяқтады (диплом MD №00015815192). 2024 жылы «8D04203 – Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша докторлық диссертациясын қорғап, қылмыстық құқық саласындағы ғылыми зерттеулерін жалғастырды. Кәсіби жолы: 2020–2021 жылдары «НҚА-ға ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама» жобасын іске асыруға белсенді қатысып, жобаның үйлестірушісі ретінде қызмет атқарды. 2022–2024 жылдары докторлық дәрежесі бар, профессор Р.Е. Джансараеваның жетекшілігімен AP14872079 «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың виктимологиялық проблемалары» атты ғылыми жобада аға ғылыми қызметкер ретінде жұмыс істеді. 2021–2023 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасында оқытушы болып еңбек етті. 2023 жылдан бастап осы кафедрада аға оқытушы лауазымында қызмет етеді және қылмыстық құқық пен криминалистика саласында білікті мамандарды даярлау ісіне белсенді қатысуда. Ғылыми қызығушылықтары: Виктимология, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қылмыстық құқық пен процесс, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама, криминологиялық зерттеулер.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
2019 |
0
құжаттар
0